Жаяу жүргіншіні ұрып өлтірген спортшы 6 жылға бас бостандығынан айырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаяу жүргіншіні ұрып өлтірген спортшы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Жаяу жүргіншіні ұрып өлтірген спортшы 6 жылға бас бостандығынан айырылды

Таразда жаяу жүргіншіні ұрып өлтірді деп айыпталған бокс жаттықтырушысы Данияр Үкібаев 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оның туысы Қайрат Шәмшиевтің де сол төбелеске қатысы бары дәлелденіп, 2 жыл жаза арқалады.

  • 23 Тамыз 2013
  • 284
Фото - Caravan.kz


Естеріңізге салсақ, өткен жылдың тамыз айында, көлігімен келе жатқан спортшы жаяу жүргіншімен жол бөлісе алмай, жанжал соңы қайғылы аяқталған болатын. Қызу қанды жаттықтырушысы жуан жұдырығымен жергілікті тұрғын Вечеслав Сычевты сұлатып салып, артынан жанындағы туысы екеуі жабыла тепкілеп, оқиға орынан қашып кеткен. Күдіктілер көп ұзамай қолға түссе, жәбір көрген азамат 9 күнен кейін аурухана керуетінде көз жұмған-ды.