Жазасын өтеушілер түрмеде отырып 4 миллион теңге ақша тапқан - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазасын өтеушілер түрмеде отырып 4 миллион теңге ақша тапқан

Жазасын өтеушілер түрмеде отырып 4 миллион теңге ақша тапқан

Павлодар түрмесінде отырып алып, жұрттың қалтасын қағумен айналысқан алаяқтар сотталды. Семейліктерді сан соқтырған қылмыскерлер телефон арқылы кез-келген нөмірді теріп, арам ойларын іске асырып келген.

  • 18 Қазан 2014
  • 226
Фото - Caravan.kz


— Маған хабарласып киеуің апатқа түсті деді. Мен сеніп қалдым. Ақша сұрағасын бере салдым.

Қыз зорлау, ұрлық, қарақшылық баптарымен түрмеге тоғытылған үш айыпты абақтыда жай отырмай, ақша тапқан. Телефон арқылы танымайтын адамдарға хабарласып, туысының қиын жағдайға тап болғанын айтыпты. Кейін өздерін тәртіп сақшысы ретінде таныстырып, тұрғындардан ақша талап еткен. Ақшаны бостандықта жүрген екі әйел алып, түрмеге аударып отырған екен. Осылайша, алаяқтардың арбауына 16 адам түсіпті. Олар жалпы сомасы 4 млн 200 мың теңгеден айырылған. Онсыз да абақтыда отырған алаяқтар тағы 4 жылдан арқалады. Павлодардағы түрме де тексерістен өтетін болды. Қылмыскерлерге ұялы телефон ұстауға жол берген қызметкерлер жауапқа тартылуы мүмкін.