Жаздың жауынсыз болуынан биыл орман өрті көп болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жаздың жауынсыз болуынан биыл орман өрті көп болуы мүмкін

Жаздың жауынсыз болуынан биыл орман өрті көп болуы мүмкін

Биыл орман және дала алабында өрт жиілеуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары мәлімдеді.

  • 30 Мамыр 2017
  • 286
Фото - Caravan.kz


Юрий Ильиннің айтуынша, оған күн райының күрт ысуы түрткі болуы мүмкін. Өйткені «Қазгидрометтің» болжауынша, биылғы жаз жауын-шашынсыз болуы ықтимал. Солтүстік өңірлерде орташа температура 40-45 градусқа дейін жетеді. Юрий Ильиннің мәліметінше, орман қорының 20 пайызы ғана орман шаруашылығы комитетіне қарасты. Ал қалғаны жергілікті атқарушы органдардың құзырында. Қазір мамандар табиғи апаттың алдын алудың жолдарын қарастырып, қауіпсіздік жұмыстарын пысықтап жатыр. Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары: — ҚР Ішкі істер министрлігінің 11 ұшағы пен ҚТЖ бөлімшелерімен өрт сөндіру пойыздары дайын тұр. Әсіресе орман алқабы көп Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қостанай мен Алматы облыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен бе

 

Соңғы жаңалықтар