Жазушы Герольд Бельгермен қоштасу рәсімі 10 ақпанда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жазушы Герольд Бельгермен қоштасу рәсімі 10 ақпанда өтеді

Жазушы Герольд Бельгермен қоштасу рәсімі 10 ақпанда өтеді

 Қазақстан жұртшылығы Герольд Бельгер - Гер-ағаны 10 ақпанда бақилық сапарға шығарып салады. Қоштасу рәсімі Алматыдағы М.Әуезов атындағы мемлекеттік Академиялық драма театрында өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне жазушының отбасы хабарлады.

  • 9 Ақпан 2015
  • 446
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, белгілі жазушы, аудармашы, әдебиеттанушы Герольд Бельгер 81 жасына қараған шағында кеше күндізгі сағат 13:00 шамасында Орталық клиникалық ауруханада қайтыс болды.

Жазушы Ресейдің Саратов облысында 1934 жылы 28 қазанда дүниеге келген.

1941 жылы Сталиннің жарлығымен КССР-дағы барлық немістермен бірге Қазақстанға, қазақ ауылына (СҚО-дағы Ысқақ Ыбыраев ауылы) жер аударылды. Бұл жерде жас Герольд қазақ тілін үйренеді.

Қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Шалақын ауылында қазақ орта мектебінде оқыды. Мектепті алтын медальмен бітірген. 

Абай атындағы Қазақ педагогика институтын және аспирантурасын тәмамдады. Шығармаларын неміс, орыс, қазақ тілдерінде жазған.

1958-1960 жылдары — Жамбыл облысы Байқадам кеңшарының орта мектеп мұғалімі. 1963-1964 жылдары — «Жұлдыз» журналының әдеби қызметкері. 1964 жылдан шығармашылық жұмыста болған. 1992 жылдары неміс тілінде шығатын «Феникс» альманахы бас редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. 

«Ауыл шетіндегі үй», «Даладағы шағалалар», «Алты асу», «Тас өткел», «Бауырластықтың жанды бейнесі», «Созвучие», «Уақытпен бетпе-бет», «Мотивы трех струн», «Гете и Абай», «Родство», «Земные избранники» зерттеу еңбектерінің, жекелеген әңгіме, мақалалары енген 25-ке жуық жинақтардың авторы.  Б.Майлин, Х.Есенжанов, Ә.Нұрпейісов, Ә.Кекілбаев, Д.Досжанов, тағы басқа қазақ жазушыларының бірқатар шығармаларын қазақшадан орыс  тіліне, А.Раймген, Э.Кончак, Н.Ваккер, тағы басқа неміс ақын, жазушыларының жекелеген туындыларын неміс тілінен орысшаға аударды. 


Қазақстан Жазушылар одағының Б.Майлин атындағы сыйлықтың, Президенттің бейбітшілік пен рухани татулық сыйлығының, сондай-ақ Қазақстан ПЕН-клуб сыйлығының иегері. «Парасат» орденімен марапатталған.