Жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген күдікті ұсталды

Жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген күдікті ұсталды

Қарағандыдағы жедел жәрдем жүргізушісне шабуыл жасаған күдікті 3 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

  • 2 Ақпан 2024
  • 37
Фото: Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Бас прокураткрасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

"Ағымдағы жылдың 1 ақпаны күні Қарағанды облысында Бас прокуратураның үйлестіруімен Қарағанды қаласында 27.01.2024ж. сағат 00.20 шамасында орын алған «Жедел жәрдем» жүргізушісіне дене жарақатын келтіру оқиғасы бойынша күдікті Дакебаев Нұрболат Нұрымұлы ұсталды.Тергеу барысында ол бой тасалап, іздеуге жарияланған болатын",- делінген хабарламада

Қазіргі уақытта Дакебаев уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмысты жасағаны үшін ең жоғары жаза үш жылға дейін бас бостандығынан айыру болып табылады.

Еске сала кетейік, 27 қаңтарда жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан видео тарап, кейіннен күдіктіге іздеу жарияланғаны хабарланған болатын.