"Жеке танымасам да, жақынымдай болып кетті": Ләйлә Сұлтанқызы желіде танымал болған қарт әжейдің өмірден озуы туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 476.75
  • 541.59
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жеке танымасам да, жақынымдай болып кетті": Ләйлә Сұлтанқызы желіде танымал болған қарт әжейдің өмірден озуы туралы

"Жеке танымасам да, жақынымдай болып кетті": Ләйлә Сұлтанқызы желіде танымал болған қарт әжейдің өмірден озуы туралы

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде танымал болған әжейдің өмірден өтуіне байланысты, жақындарына қайғыра көңіл айтты.

  • 29 Шiлде
  • 3
Фото: Instagram/sultankyzy

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы тележүргізуші өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Жаны Жәннаттың төрінде болсын!

Кей адамдар болады ғой, жеке танымасаң да, жақыныңдай болып тұратын. Иба әжені жақсы көретінмін. Ақкөңіл, мейірімді жандай еді. Бүгін келместің кемесіне мініп кете барыпты. Жақындарына, туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын», — деп жазды ол.

Еске сала кетейік, Иба әжей көпшілікке немересімен екеуінің сөйлесуі арқылы танымал болды. Осыдан бірнеше күн бұрын оның немересі әжейдің қатты ауырып, халі мүшкілдеп жатқанын хабарлаған еді. Күні кеше, қарияның қайтыс болғаны туралы суыт хабар тарады.