Жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты

Жекеменшік ұшақ үйге соғылып, сегіз адам қаза тапты

Милада жекеменшік ұшақ әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай кеңсе ғимаратына соғылған.

  • 4 Қазан 2021
  • 10
Фото - Caravan.kz

Борттағы сегіз адамның барлығы қаза тапқан. Ғимарат бос болған, жерде ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Ұшақ Миланның Линате әуежайынан ұшып шыққан және Сардиния аралына бет алуы керек еді, бірақ Миланның шетінде құлаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұшақ үйге құлап, жарылған.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, қаза тапқандардың ішінде бала да бар.

«Ұшақ қозғалтқыштарын өшіргендей дыбыс естідім. Содан кейін өте қатты жарылыс болды. Әйнектеріміз дірілдеді. Мен терезені ашып, будақтаған түтіннің көтеріліп жатқанын көрдім», — деді Рейтер агенттігіне жергілікті тұрғын Джузеппе.

Rai TV телеарнасы хабарлағандай, ұшақ бортында француздар болған, бірақ бұл ақпарат ресми түрде әзірге расталған жоқ.


Апат Миланның оңтүстік-шығысындағы Сан-Донато Миланезе метро станциясына жақын маңда болған.

Ғимараттағы өрт көп ұзамай сөндірілді.