Жарияланды: 670

Жекпе-жектің ресми ережелері бекітіліп, дара спорт түрі ретінде тіркелді

Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі - жекпе-жек өнері жандана түсті. Оның ресми ережелері бекітіліп, дара спорт түрі ретінде тіркелді. Енді жекпе-жек бойынша халықаралық жарыстар өтіп, өз шеберлері де табылатын болады. Алматы облысы Қаскелең қаласында қазақ жекпе-жегі заманауи нұсқасының тұсауы кесілді.

Кикбоксингтен әлем чемпионы Елмұрат Қайыпжанов және тағы басқа спорт жанашырларының ұйымдастыруымен елімізде тұңғыш рет жекпе-жектен халықаралық турнир бастауын алды. Бұл әлемде М-1, К-1, панкратион және тағы басқа нұсқасы көп ережесіз жекпе-жектің қазақша түрі болмақ.

Елмұрат Қайыпжанов, бас төреші:

- Бұл спорт түрі, көбісі ойлайды, балалар бірін-бірі соғып, балаларды төбелеске, жаман сөзге үйретеді деп. Жоқ, бұл жерде балаларды батылдыққа, ержүректікке, ертең ауылын, Отанын сүйетін, қазағым деп ойлайтын рухани ұлттық сезімі бар азаматты тәрбиелеп шығару.  Әлем чемпионы болу мақсат емес, ер азамат болу мақсат.

Осыдан аз уақыт бұрын республикалық жекпе-жек федерациясы құрылған. Осылайша спорт министрлігі мен ұлттық спорт қауымдастығының қолдауымен олар алғашқы жарысты ұйымдастыруға кірісті. Бастапқыда бұл тек республика көлеміндегі дода болу керек еді, алайда көрші елдердегі әріптестер бұл хабарды естіп, қатысуға өтініш білдірген. Нәтижесінде турнирге еліміздің аймақтарынан бөлек, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстанның білекті жігіттері келді. Алжарыстың ұйымдастыру алқасында ережесіз жекпе-жектен елімізден шыққан тұңғыш чемпион Дәнеш Дүңгенбаев та бар.

Дәнеш Дүңгенбаев, ережесіз жекпе-жектен Еуразия чемпионы:

- Осыдан 10-15 жыл бұрын өзіміз бастағанбыз. Ол кезде Қазақстанда  жекпе-жек емес, универсалды панкратион  деген жарыстар өткен. Қырғызстанға, Ресей, Корея, біраз елге барып қайтқанбыз. Сосын өзім ұстаздық етіп, балаларды дайындап жүрдім. Кейін осы ағаларымыздың ақылдасып, кеңесіп,жекпе-жек деген федерацияны ашсақ деген мәліметтерді естіп, қатты қуандым.

Қаскелеңдегі жарысқа осыған дейін де халықаралық аренада топ жарып жүрген Аслан Тоқтарбаев, Төлеген Ақылбеков, Ержан Естановқатысуда. Ал бәсекеде жеңімпаз атанғандарға спорт шебері атағы берілмек.

Қазақтың ұмыт қалған ұлттық спорт түрлерінің бірі - жекпе-жекті ережелерін құрғанда ұйымдастырушылар 5 тұрғыдан қарастырған: имандылық, мәдениет, білім, тарих және спорт. Дегенменқазіргі уақытта  ереже толық емес. Соған қарамастан шілде айында Астанада тағы бір халықаралық турнир өткізілмек.

Бұдан бөлек биылғы жылға тағы да  бес турнир жоспарланып отыр. Сонымен қатаржекпе-жек дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің фестивалі бағдарламасына енді.

 «Ролан Гарроста» финалдық жолдаманы иеленген спортшылар есімі белгілі болды. Олар өткен жылдың чемпионы  Франческа Скьявоне мен финалға алғашқы рет шыққан қытайлық Ли На.

Франция ашық біріншілігінің жартылай финалында италиялық Франческа Скьявоне қос сетте 6:3 есебімен француз қызы Марион Бартолиді  қиындықсыз жеңіп, финалға өтті. Ал өз кезегінде Ли На ресейлік Мария Шарапованы  6:4, 7:5 есебімен ұтып, алға шықты. Бір  сағат 48 минутқа созылған  кездесуде 10 қате жіберген Шарапова, оған қатты желдің кедергі келтіргенін айтты. Ли На - «Ролан Гарростың» финалына жол тартқан тұңғыш азиялық ойыншы. Ақтық сында кездесетін 30 жастағы  Франческа Скьявоне мен одан бір жас кіші Ли На ойыны соңғы 13 жылдағы “Үлкен дулыға” турнирінде ең жасы үлкен спортшылар арасындағы дода болмақ.

Италия чемпионатында келісімді матч ойнағаны үшін «Интер» мен «Лацио» айыпталған болатын. 16 адам ойын нәтижесіне әсер етті деген айыппен қамауға алынды, олардың ішінде Италия құрамасының мықты ойыншыларының бірі - Джузеппе Синьории де бар. Дегенмен Италия құрамасының бас бапкері Чезаре Пранделли ойыншыларын сабырға шақыруда.

Біраз үзілістен соң Еуропа чемпионатының іріктеу сыны қайта басталмақ. Италия бұл сында Эстониямен күш байқасады. Моденде өтетін матчқа Буффон, Маджио, Бальцаретти, Маркизио, Росси және тағы басқалары қатысады. Осы сында Қазақстанмен бір топтағы Германия мен Австрия өзара кездеседі. Ойынға немістер Мирослав Клозе, Михаэл Баллак және Бастиан Швайнштайгерсіз шығуға мәжбүр. Дегенменжаңадан қосылғандар да жоқ емес: Матс Хуммельс, Марсель Шмельцер және Марио Гетце.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть