Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Жексенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

16 шілдеде атмосфералық аға ағынының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, кей жерлерде жел күшейеді, жекелеген аудандарда түнде және таңертең тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 16 Шiлде 2017
  • 396
Фото - Caravan.kz

Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Синоптиктер таратқан мәліметтерге қарағанда, Ақмол, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшеюі күтіледі, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, таңертең кей жерлерінде тұман болып, күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Алматы, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысиды. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Соңғы жаңалықтар