"Жел, бұрқасын": 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жел, бұрқасын": 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

"Жел, бұрқасын": 5 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

23 қаңтарда ауа райының бұзылуына байланысты еліміздің бірнеше өңірінде ескерту жарияланды.

  • 23 Қаңтар 2023
  • 3
Фото - Caravan.kz

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысының солтүстігі мен шығысында бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады. Ал облыстың шығысында желдің екпіні 15-20 м/с құрайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

 

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жаяу бұрқасын болады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с құрайды.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігі мен батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Түркістан облысының оңтүстігінде тұман түседі. Шығыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықта жел соғады. Түнде және таңертең тау асуларында екпіні 23-28 м/с артады.


Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20 м/с құрайды. Түнде 23 қаңтарда екпіні 23-28 м/с артады.