"Желдорстрой" АҚ-ның Хромтау филиалына 7 млн теңгенің қосымша салықтарын төлеу жүктелді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Желдорстрой" АҚ-ның  Хромтау  филиалына 7 млн теңгенің қосымша салықтарын төлеу жүктелді

"Желдорстрой" АҚ-ның Хромтау филиалына 7 млн теңгенің қосымша салықтарын төлеу жүктелді

Астана. 19 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Батыс аймақтық прокуратурасының таныстыруы бойынша "Желдорстрой" АҚ-ның Хромтау филиалынан мемлекеттік кіріске 7 млн теңгенің қосымша салықтарын төлеу жүктелді. Бұл туралы агенттікке ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қараша 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Желдорстрой» АҚ-ның Хромтау филиалының Хромтау-Алтынсарин темір жол тармағын салуға бөлінген бюджет қаржысын пайдалану заңдылығын тексеру барысында салық заңнамасы талаптарын бұзу оқиғалары анықталды.

«2002 — 2005 жылдар аралығында «Желдорстрой» АҚ-ның Хромтау филиалы бұрғылау жұмыстары жөнінде «Промбизнес» ЖШС-мен, ал «Антей»ЖШС, «Дамле» ЖШС-мен тауар алу жөніде шарт жасасқан. Аталған кәсіпорындар сот шешімімен қандайда бір кәсіпкерлік іс-қызметпен айналыспайтын жалған кәсіпорындар деп танылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметіндегілер.

«ҚР «Салықтар және басқа да бюджетке міндетті төлемдер туралы» Кодексінің ережелеріне сәйкес, салық төлеушілердің жұмыстар (қызмет, тауарлар) бойынша есептелген, бірақ іс жүзінде атқарылмаған жұмыстардан Қосалқы құн салығы есепке жатқызылмайды. Батыс аймақтық прокуратурасының таныстыруы бойынша салық комитеті «Желдорстрой» АҚ-ның Хромтау филиалынан мемлекеттік кіріске 7 млн теңгенің қосымша салықтарын төлеу жүктелді»,- деп хабарлайды қадағалаушы орган.

Салық комитетінің бұл хабарламасына «Желдорстрой» АҚ-ның Хромтау филиалынан сотқа қарсылық білдірілген, алайда, Ақтөбе облыстық ауданаралық экономикалық сотының шешімімен 8 қарашада шағым қанағаттандырылмады, деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті