Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады

Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады

Желіде Ақтауда пәтерде болған жарылыстың суреттері тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

  • 5 Желтоқсан 2022
  • 361
Фото - Caravan.kz

Оқиға орнынан түсірілген кадрларды куәгер басылым редакциясына жолдаған. Суреттерден пәтер, подъез қанға боялғаны көруге болады.

Еске салайық, сенбі 27-шағынаудандағы №46 үйде жарылыс болғаны хабарланған еді. Тұрғындардың айтуынша, түскі уақытта пәтерлердің бірінен қатты дыбыс шыққан.

Жарылыстың екпінінен терезе әйнектері сынған. Куәгерлер оқиға салдарынан осы пәтерде тұратын ер адам зардап шеккенін жеткізді. Ол бір қолынан айырылған.


Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының баспасөз қызметі жарылыс орнынан 1988 жылы туған ер адам жеткізілгенін хабарлады. Ол қазір реанимация бөлімінде жатыр.

Соңғы жаңалықтар