Желіде Түркия телеарнасында Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлы туралы тамсана талқылаған видео тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Түркия телеарнасында Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлы туралы тамсана талқылаған видео тарады

Желіде Түркия телеарнасында Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлы туралы тамсана талқылаған видео тарады

Желіде Түркияның TRT1 телеарнасында Әлихан Бөкейхан мен Міржақып Дулатұлы туралы тамсана талқылаған видео тарады.

  • 11 Қараша 2020
  • 80
Фото - Caravan.kz

Онда арнайы бағдарламаға қатысқан қонақтардың бірі Алаш қозғалысы мен Міржақып Дулатұлы туралы сөз қозғайды.

Әсіресе Міржақыптың «Оян, қазақ» өлеңі туралы кеңірек тоқталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған видеода мынадай сөздер айтылған:

«Түркістандағы алғашқы тәуелсіз түрік мемлекеті 1917 жылы Қазақстанда құрлды. Алаш лидері Әлихан Бөйкейхан тарапынан және оның жанында оң қолы секілді Міржақып Дулаты ұлы деген біреу болды. Оның «Оян!» деген кітабы бар. Басында «Оян!» деп жазылған. Осы «Оян» мотИві түркі дүниесінде өте маңызды. Осы мотивті пайдаланған біраз ақындарымыз бар. Түрік зиялылары бір бірін оқитын еді. «Оян!» өлеңіне келсек, Акиф те бірдей. Яғни Түркия түрікшесімен Акиф жазған «Уян» өлңін Міржақып «Оян» дейді, ұйғыр «Ойған» дейді

Осы үшін «Оян!» өлеңін оқиық Міржақыптың:


Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты

Өткізбей қараңғыда бекер жасты

Жер кетті, дін нашарлап, хал харап болып

Қазағым, енді жату жарамасты

«1909 жылы жазған осы өлең, демек , меніңше «Оян!» мотивті өлеңдердің қайнар көзі Міржақып Дулатұлы», дейді телеарна жүргізушісі.

Сондай эфирде қонақтар «оян» деген тақырыпта өлең жазған түркі ақыны Мехмет Акиф туралы да сөз қозғап салыстырады.

Қазақтар үшін, Қазақстанның ұлттық тәуелсіздігі үшін, бүгінгі Қазақстанның тәуелсіздік күресінде Алаш қозғалысының маңызды ролі болды, дейді сөз соңында. 

ВИДЕО мына сілтемеде

 

Соңғы жаңалықтар