Желіде Түркияда бүгін түнде болған жаңа жер сілкінісінің қорқынышты кадрлары тарап кетті (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желіде Түркияда бүгін түнде болған жаңа жер сілкінісінің қорқынышты кадрлары тарап кетті (ВИДЕО)

Желіде Түркияда бүгін түнде болған жаңа жер сілкінісінің қорқынышты кадрлары тарап кетті (ВИДЕО)

Түркияның Хатай провинциясында тағы да жер сілкінісіп, оның магнитудасы 6,4 және 5,8-ге дейін жеткен.

  • 21 Ақпан 2023
  • 52
Фото - Caravan.kz

Жер асты дүмпулерінен қатты қорыққан халық, далада түнеген деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Желіде Хатай провинциясындағы жер сілкінісінің видеолары тарап кетті. Түрік басылымдарының хабарлауынша, зілзала салдарынан Хатайда электр жарығы толығымен сөнген.

Сол сияқты еуропалық басылымдар жер асты дүмпулері Түркияда ғана емес, Сирия, Кипр, Ливанда да сезілгенін жазуда.

Сонымен бірге жергілікті тұрғындар Хатай әуежайында жер сілкінген сәттен бейнежазба жариялауда. Онда ғимараттың іші мен қабырғалары дірілдеп, халықтың қорыққаннан жерге жата қалған сәтін анық көруге болады.

Желі қолданушылары қорқынышты кадрларды көріп, түрік халқына сабырлық тіледі.

«Е Алла Түркия халқын енді сынай көрме, қандай қорқынышты көрініс, қандай қорқынышты кадрлар», «Енді су көтерілмесін деп тілейік ағайын, түрік бауырларымызға обал болды, Алла сабыр берсін», «Адам шығыны болмаса екен, бәрі аман-есен қалса екен» деп жазды олар.

 

Соңғы жаңалықтар