Жарияланды: 30

Желіде жоқ киімді сатып, талайды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Желіде жоқ киімді сатып, талайды сан соқтырған алаяқ қолға түсті

Instagram желісінде аккаунт ашып, жоқ киімді бардай етіп сатқан елордалық әйелдің әрекеті әшкереленді.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Криминалдық полиция қызметкерлері 31 жастағы елорда тұрғынын қолға түсірген. Ол әлеуметтік желідегі парақшасын сәнді әйелдер киімінің суретінмен толтырып, түрлі жеңілдіктер ұсынған. Артынан құрығына түскен клиенттерінен алдын ала төлем алып, нөмірлерін ауыстырып сан соқтырып кеткен.

Суреттегі киімдер шын мәнінде жоқ, тек құрбандарды қызықтырудың құралы ғана болып шықты.

Қазіргі күні қолға түскен күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оған Қылмыстық кодекстің 190 бабы бойынша (алаяқтық) айып тағылып отыр.

Полиция департаментінің мамандары әлеуметтік желіден киім немесе зат сатып алмас бұрын аккаунтың жалған еместігіне көз жеткізу қажеттігін ескертеді.

Нарықтағы бағадан тым төмен баға, телефон мен адрестің көрсетілмеуі, сатушының телефонға жауап бермей, тек месенджер арқылы байланысқа шығуы күмін келтіруі тиіс. Мұндай жағдайда мамандары сатушыдан төлқұжат көшірмесін сұрау, видеобайланысқа шығып, тауарды көрсету жөнінде өтініш айту керек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін