Желілік маркетингтің тізгінін ұстаған жұлдыздар соңдарынан ерген жұртты адастырып жүр ме? - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желілік маркетингтің тізгінін ұстаған жұлдыздар соңдарынан ерген жұртты адастырып жүр ме?

Желілік маркетингтің тізгінін ұстаған жұлдыздар соңдарынан ерген жұртты адастырып жүр ме?

Қазіргі таңда желілік маркетингпен айналыспайтын жұлдыз жоқ. Өйткені әрбір танымал тұлға желілік маркетингті жарнамалап, қосымша қаржы табуға болатынына уәде береді.

  • 26 Қазан 2018
  • 272
Фото - Caravan.kz

Алдымен желілік маркетингтің тарихына көз жүгіртейік, одан кейін танымал әншілердің маркетинг туралы пікірін білетін боламыз.

Желілік маркетинг қайдан шықты?

Желілік маркетинг 1945 жылы бастау алды. Америкалық кәсіпкерлер Lee S. Mytinger мен William S ойлап тапты.

Желілік маркетинг 1980 жылдардың соңынан бастап таныла бастады. Ол кезде кәсіпкерлер кез-келген нәрсені ұсынатын еді. Мысалы Косметика, іш киім, автокөлік дөңгелектері, компьютерлер және т.б.

Қазіргі уақытта желілік маркетинг әлемнің 190 елінде дамып келеді.

Жапонияда 2 миллионнан астам дистрибьютор 30 миллиард долларға өнім сатады.

ЕЭК (Германия, Италия және Франция) елдерінде желілік маркетинг заттарының сатылымдары жылына 2 миллиардтан асты, ал Ұлыбританияда — 1 миллиард доллар.

Испанияда желілік компаниялар жылына 700 миллион доллардан астам өнімді сатады, Австрияда сату көлемі 300 миллион долларға, Швейцарияда — 200 миллион долларға, Швецияда, Норвегияда және Финляндияда желі сатылымы жүздеген миллион долларды құрайды.

Бразилияда жылына 3 миллиард доллардан асатын өнімді сататын миллионға жуық дистрибьютор бар.

Аргентинада жылдық сату шамамен бір миллиард долларды құрайды. Оңтүстік Кореяда сату көлемі 400 миллион долларға жетті.


Ал Қазақстанда 50-ден астам желілік маркетингпен айналысатын компаниялар бар көрінеді. Біздің танымал тұлғалар олармен жұмыс жасаудан қалыс қалар емес.

Танымал тұлғалар желілік маркетинг туралы не дейді?

Мөлдір Әуелбекова: Көптеген адамдар осы желілік маркетингке кіріп кетті. Маған түрлі компаниялардан ұсыныс түскен, бірақ мен бас тарттым. Мен әнімді айтып жүре берейін.

Зарина Омарова: Сахнада жүрген адамдар желілік маркетингті айтып, оны жарнамаламау керек. Сахнада жүрген әншілер өз өнерін ғана паш ету керек.

Ал желілік маркетингпен айналысып жүрген блогер Айнұр Бұлақпай өз пікірін жасырмай, мұндай бизнестің пайдасын айтып берді.

“Желілік маркетинг дегеннен айналып өтетінмін, сенбейтінмін. Бірақ жақында бір компанияға қосылып, сироптарын сатып алдым. Енем мен балаларым сиропты ішкеннен кейін жөтелдері сап басылды. Содан кейін пайдалы нәрсе ғой деп қосылдым” – дейді блогер.

Соңғы жаңалықтар