Желтоқсан оқиғасы кезіндегі әйгілі суретте қасқайып тұрған жігіттердің екеуінің кім екендіктері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсан оқиғасы кезіндегі әйгілі суретте қасқайып тұрған жігіттердің екеуінің кім екендіктері белгілі болды

Желтоқсан оқиғасы кезіндегі әйгілі суретте қасқайып тұрған жігіттердің екеуінің кім екендіктері белгілі болды

Желтоқсан оқиғасы кезінде алаңда тізбектеліп, қарулы әскерге қасқайып тұрған осы жігіттер қазір қайда екен, олардың тағдыры не болды деген сауал көпті мазалайтыны анық.

  • 11 Желтоқсан 2018
  • 364
Фото - Caravan.kz

Дегенмен кезінде суреттегі мен едім деп ешкім ашық айта алмаса да, қазір біртіндеп олардың кімдер екені және аты-жөндері мәлім бола бастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Ірі көрініспен анық түскен бұл сурет кезінде алаңға шығып, бас көтергендерді артынан қудалау үшін арнайы органдар тарапынан түсірілген болатын. Әйтседе қазір олардың бірқатарының есімдері белгілі. Мәселен шеңбермен белгіленген алдыңғы және артқы қатарда тұрған екі жігіт жайлы алаңда болған Анар Рахымжанова жазыпты.

Оның айтуынша, артқы қатарда тұрған өзінен үш жас үлкен ағасы Ерлан Рахымжанов, ал алдыңғы қатарда белгіленген жігіт оның досы Карл есімді адам.

Аталған оқиға жайлы Анар ханым өз парақшасында былай деген:

Ұсталып, қамалып, тергеуден босатылып жатақханаға келіп, бөлмеме кіргенім сол еді. Артымнан кезекші қыз келіп, вахтада Ерлан ағайымның келіп тұрғанын айтты. Астына вахтаға түсіп келе жатып, не деп айтамын деген ойлар жанымды мазалады. Ағайымды көргенде көңілім босап жылағым келді. Сөйтсем Ерлан ағайым да барып, ұсталып, шыға салысымен бірден маған келіп, менің алаңға бармауымды айтып, ескертуге келген беті екен. Ал, мен болсам сол күні барып ұсталып, енді ғана келген бетім ғой… Ағайымды құшақтап жылап жібердім, күні бойы жүрегімде толып тұрған ашты өксігім көз жасыма айналып. Құшақтап жұбатып, жарайды енді алда не болсада дайын болайық. Мен жатақханаға кеттім, іздеп жатқан шығар?-бүгін сабаққа бармай біздің студенттердің бәрі шығып едік деді. Кластас, группалас досы Карл Жұмаханов екеуі бірге ұсталған екен. Апарып қамаған жерден біздің жақтың таныс милиционер жігіті кездесіп қалып, шығуына сол көмектесіпті. Әйтпесе шыға алмай қалады екен.
Ағайым екеуіміздің желтоқсанға қатысқанымыз үшін әкемізді жиналысқа салып, сөгіс берді…

Бүгінде Ерлан мырза туған жері ШҚО-да тұрады. Шағын кәсіп иесі. Қызын қияға қондырса, ұлы жоғары оқу орнын бітірген.


Еске салсақ, Анар Рахымжанованың өзі де желтоқсан оқиғасы кезінде суретке және видеоға түсіп қалған бойжеткен болатын.Оның мына суреті әлі күнге дейін архивте сақталған. 

Соңғы жаңалықтар