Желтоқсанда Қытай өзінің ғарыш аппаратын Айға жібермек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Желтоқсанда Қытай өзінің ғарыш аппаратын Айға жібермек

Желтоқсанда Қытай өзінің ғарыш аппаратын Айға жібермек

Желтоқсанның басында қытайлық «Көкшіл қоян» атты зерттеу аппараты зымырын-тасығыш арқылы Айға жеткізіледі. Бұл туралы Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

  • 27 Қараша 2013
  • 290
Фото - Caravan.kz

Аппаратқа берілген бұл атау интернет арқылы дауыс беру нәтижесінде таңдалды және ол қытайлық фольклорға негізделген көрінеді.

Аталған қондырғы бұрышы 30 градус қиғаштықтағы төбешіктерге шыға алады, сондай-ақ оның жылдамдығы сағатына 200 метрге дейін жетіп отыр.

Айды зерттеу бойынша қытайлық миссия үш кезеңді қамтыды. Онда Айдың орбитасына шығу, оның бетіне қону және қайтадан Жерге оралу міндеті қойылып отыр.