Жемқорлыққа қарсы журналистік клуб құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жемқорлыққа қарсы журналистік клуб құрылды

Жемқорлыққа қарсы журналистік клуб құрылды

Жемқорлыққа қарсы журналистік клуб құрылды. Ол еліміздегі жетекші телерадио компаниялармен, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтаса жұмыс істейді.

  • 31 Қаңтар 2014
  • 522
Фото - Caravan.kz

Қазір қолданылып жүрген жемқорлыққа қарсы мемлекеттік сараптама жүйесінің баламасы жоқ және бұл тиісті нәтиже бермей отыр, дейді «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.

Оның мәліметінше, прокуратура органдары тек 2013 жылы 32 мың құқықтық актінің күшін жойған. «Алайда, актілердің басым бөлігі сараптамадан өткен болатын. Осыған байланысты «Жаңару» бірлестігі нормативтік-құқықтық актілердің қоғамдық жемқорлыққа қарсы сараптамасы жүйесін құруды көздеп отыр», — дейді О. Әбдікәрімов.

Оның айтуынша, сараптама нәтижелері құқықтық актілерді шығарумен айналысатын депутаттар мен лауазымды тұлғалардың назарына ұсынылатын болады. Сонымен қатар, бірлестік мемлекеттік қаражатты мақсатсыз және заңсыз пайдалану, нақты адамдардың құқықтарын бұзу фактілері бойынша журналистік зерттеулер жүргізбек.


«Осы бағытта Жемқорлыққа қарсы журналистік клуб құрылды. Ол еліміздегі жетекші телерадио компаниялармен, басқа да бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтаса жұмыс істейді», — деп атап өтті бірлестік төрағасы.

Айта кетейік, «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігі өткен жылдың желтоқсанында құрылған болатын. Бүгінде еліміздің барлық облыстарында филиалдары бар. Сол бөлімдерде Қоғамдық сенім орталықтары құрылуда. Онда білікті заңгерлер, журналистер, сондай-ақ қатардағы азаматтар еңбек етеді.