Осылайша таныстарына ағынан жарылған ана 26 жастағы ұлының көзін құртуға бекінеді. Бұған себеп, нашақор ұлы үнемі жұдырық астына алады екен. Оның үстіне үйдегі қолына іліккенді ұрлап сатып, араққа, есірткіге жұмсаған. Шыдамы шегіне жеткен ана ақыры киллердің көмегіне жүгінген. Ақшаға зәру Алматының қос тұрғыны бірден келісіп, іске кіріседі. Марқұмды үйінен алдап шығарып, айдалада буындырып қалдырып кеткен. Кейін тергеу барысында қаскөйлердің бірі ізін суытып үлгерсе, сыбайласы қолға түседі. Қанды оқиғаның бүге-шегесіне дейін жайып салған ол тапсырыс берушінің де атын бірден айтқан.
— Я говорю помогите мне, накажите его. Они мне сказали за 10 000 долларов они поставят точку чтобы вы не мучались.
— Точку в чем?
— Избавим от него.
— Каким образом?
– Убьем и закапаем. Я была в состоянии эффекта.