Жеңілдетілген автонесиені өтеу мерзімі ұзартылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңілдетілген автонесиені өтеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Жеңілдетілген автонесиені өтеу мерзімі ұзартылуы мүмкін

Қазақстанның «Даму» банкі жеңілдетілген автонесие беру тәртібіне өзгеріс енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды khabar.kz.

  • 20 Мамыр 2016
  • 324
Фото - Caravan.kz


Отандық авто өндірушілерді қолдау және ел азаматтарының көлікке деген қолжетімділігін арттыру үшін банк несиені өтеу мерзімін ұзартуы мүмкін.  Бұған қоса алдағы уақытта қымбат көліктерді де қарызға беру мәселесі қарастырылуда.  

Банктің мәліметі бойынша 2016 жылдың мамырына дейін берілген автонесиенің жалпы сомасы — 20 миллиард  489 миллион теңге.  Пайызы төмен несиеге 6 мың автомобиль алынған. Жұрттың таңдауы негізінен Hyundai, KIA, Sкoda секілді көлік түрлерне түсетін көрінеді.