«Жеңілдетіліп берілген несиенің 50% мейманхана мен туристік бизнес нысандарының құрылысына, ауылдағы сауда нүктелеріне, қоғамдық тамақтану пункттеріне, жол бойында қызмет көрсету нысандарын ашуға бағытталды», — деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.
«Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында 33,5 млн теңге мөлшерінде берілген несиеге емдеу-сауықтыру және мейманхана кешенін қайта жөндеу және құрылыс жұмыстары басталып кетті».
«Бұл жерде демалатындар марал шаруашылығындағы өнімдерін пайдаланып, марал мүйізінің құрамынан алынған заттар мен бу ваннасымен емделетін болады», — деді баспасөз қызметі.
Корпорацияның ақпараты бойынша, «ауыл тұрғындары республикалық көлік трассалары бойында қызмет көрсетуді ұйымдастыруға байланысты қызығушылығын танытуда».
«Ауыл шаруашылық емес кәсіпкерлік түрлеріне мақсатты несие бөлу шаралары былтырғы жылдан бастап қолға алынды. Бағдарламаның негізгі мақсаты — ауылдық жерлерде жұмыссыздықты азайтып, жергілікті ауыл кәсіпкерлерінің белсенділігін арттыру. Былтырғы жылы бағдарлама бойынша, азық -түлік өнімдерін шығаратын құрал -жабдықтарды сатып алуға, балық өнімдерін шығару және қайты өңдеу сияқты 20 тарта жобаға несие бөлінді. Несиелер жылдық 9,5% берілуде. Ал ауылда өзінің ісін ашуға ниет білдіріп отырғандар қатары өте көп «, — деп хабарлады корпорациядағылар.
«Бағдарланы іске асыру үшін 2008 жылы бюджеттен 700 млн теңге бөлінді. Аталған бағдарлама бойынша несие алушылар қатары көп болғандықтан, корпорация қазіргі кезде несие мөлшерін ұлғайту үшін қосымша ақша тарту мәселесін қарастыруда», — деп атап өтті АКК баспасөз қызметі.
«Аграрлық несиелік корпорациясы» (АНК) 2001 жылдың 25 қаңтарында құрылды. Корпорацияның 100% акциясы мемлекеттің меншігінде. Өткен жылы корпорация активі 29,1 млрд теңгеге жетті. Оның жеке капитал мөлшері — 25,1 млрд теңге, жарғылық капиталы — 24,4 млрд теңгені құрады.
АНК -ауыл шаруашылық өндірісіне, ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеуге, ауылды жердерде ауыл шаруашылық емес кәсіпкерлік түрлеріне несие бөлу- мен айналысады. Корпорацияның мақсаты — ауылды жерлерде кәсіпкерлік бәсекелестігін дамытуға септігін тигізіп, несиелендірудің қол жетімді жүйесін құру жөнінде мемлекеттік саясатын іске асыру.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті