Жеңіс күні қарсаңында Өскеменде мемориалдық стела ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіс күні қарсаңында Өскеменде мемориалдық стела ашылды

Жеңіс күні қарсаңында Өскеменде мемориалдық стела ашылды

Жеңіс күні қарсаңында Өскеменде дәстүрлі көше мерекесі өтті - бұл жолы қала тұрғындары Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Владимир Мызаны еске алып, құрмет көрсетті.

  • 9 Мамыр 2014
  • 466
Фото - Caravan.kz

Енді өскемендіктерге  мемориалдық стела әрқашан батыр-жерлесін еске салып тұратын болады. Ескерткіштің ашылуына өңір басшысы Бердібек Сапарбаев қатысты, ол облыс орталығы тұрғындары мен қонақтарын мамырдағы барлық мерекелермен құттықтап, бізге бейбітшілік сыйлаған батырлар есімін ешқашан ұмытпай еске сақтауға шақырды, солардың бірі — Владимир Мыза.

Бұл күні В.Мыза көшесінде қолөнер жұмыстары жәрмеңкесі, балаларға арналған конкурс өтті  және кәсіпкерлер демеушілік көрсеткен  мерекелік лотерея ойнатылды.

Сонымен бірге қала тұрғындарына облыстық кітапхана ұйымдастырған Владимир Мызаға арналған көрме ұсынылды. Стендіге батырдың фотосуреттері мен ғұмырнамасы, ол туралы кітаптар, соғыс кезіндегі атрибуттар қойылды.

Гвардия капитаны Владимир Иванович Мыза Өскеменнің тумасы, неміс-фашист басқыншыларымен ұрыстарда ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсетіп, қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын бұлжытпай орындаған  оған 1944 жылы ақпанда қайтыс болғаннан кейін Кеңес  Одағының Батыры атағы берілді. Ол 1942 жылы наурызда Кемеров әскери жаяу әскерлер училищесін бітірді. 1942 жылы үш рет жараланды,  кеңес-неміс майданының оңтүстік қанатында ауыр қорғаныс ұрыстарына қатысты. Жараланғаннан кейін әскери училищеде сабақ беріп, пулеметшілерді даярлады.

1943 жылы Харьков қорғанысы ұрыстарының қысыл-таяң сәттерінде оның шәкірттері ұрысқа кірісті. Олармен бірге В.Мыза Днепрді кешіп өтті. Ол кезде 3-ші Украин майданының 6-армиясында 60-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының құрамында ұрыстарға қатысты.  Оның батальоны  жаудың 13 қанқұйлы шабуылдарына тойтарыс берді. Каневское селосын азат ету жолындағы ұрыстарда бөлімше шабуылын басқарып, бетпе-бет ұрыста бір өзі 10 гитлершінің көзін жойып, біреуін тұтқынға алды.


Осы және басқа да ерліктері үшін 1944 жылы 22 ақпанда Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды, алайда ол кезде ержүрек офицер тірілер қатарында жоқ еді. Никопольск-Кривой-Рог операциясы кезінде ол Днепропетровск облысының Новоивановка селосы ауданындағы неміс қорғанысын бұзу кезінде ауыр жараланған болатын. Ол небәрі 29 жаста болатын. Оның  туған жері — Өскеменде оның есімімен аталатын көше бар.
Мызу.