Жеңіс тойын тойлауға зор үлес қосқан жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіремін - «Шахтердің» бас бапкері В. Кумыков - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіс тойын тойлауға зор үлес қосқан жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіремін - «Шахтердің» бас бапкері В. Кумыков

Жеңіс тойын тойлауға зор үлес қосқан жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіремін - «Шахтердің» бас бапкері В. Кумыков

Кеше елордадағы «Астана-Арена» стадионында футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу сынының ақтық кезеңінде Шотландия чемпионы «Селтикті» 2:0 есебімен ұтқан қарағандылық «Шахтердің» бас бапкері Виктор Кумыков матч соңындағы баспасөз мәслихатында топтық кезеңге шығуға шотландықтардың мүмкіндіктері әлі де басымырақ деп есептейтінін айтты.
Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

  • 21 Тамыз 2013
  • 636
Фото - Caravan.kz


— Селтик секілді азулы қарсыласты екі доп айырмасымен ұтамыз деп ойладыңыз ба?
— Барлығын да ойлай беруге болады. Біз бүгінгі матчқа көп дайындалдық. Ойдағы жоспарымызды толығымен жүзеге асырдық.

— Жеңістің ауылы жақын екенін қашан сезіндіңіз?
— Хижниченко гол соққанда, біздің жеңіске жететінімізді түсіндім. Алайда қарсылас ойынның соңында шапшаң футболшыларды алаңға жіберді, сондықтан есепті ұстап тұру оңайға түспеді. Өз алаңымызда доп жібергіміз келмеді.

-Бүгін «Шахтер» жоғары қарқынды сапалы ойын өрнегін көрсетті. Елімізде еуропалық деңгейдегі ұжым пайда болды деп айтуға негіз бар ма?
— Біртіндеп пайда бола бастады. Осы бағытта жұмыс істейтін болсақ, міндетті түрде пайда болады.

— Он екінші ойыншы бүгін қаншалықты көмектесті?
— Әрине көп көмектесті. Мен стадион толса, біздің жеңіске жетуге мүмкіндігіміз үш еселенеді деп бұған дейін де айтқан болатынмын. Бүгін жеңіс тойын тойлауға зор үлес қосқан жанкүйерлерге үлкен алғыс білдіремін.