Жарияланды: 20

Жер бетіндегі ең қарт әйел қайтыс болды

Жер бетіндегі ең қарт әйел қайтыс болды

Жер бетіндегі ең қарт әйел қайтыс болды.

Әлемдегі ең қарт әйел Франциска Сусано Филиппинде 124 жасында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Ол 22 қарашада көз жұмды, бұл туралы Кабанкалан қаласының үкіметі Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

"Франциска Сусаноның қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар алдық. Ол әрқашан біздің мақтанышымыз болып қала береді", - деп жазды олар басылымда.

Оның қайтыс болу себебі көрсетілмеген. Жергілікті денсаулық сақтау басқармасы зейнеткерде вирустың белгілері жоқ екенін мәлімдеді.

Қала билігі марқұм әлемдегі ең қарт адам ретінде ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгенін атап өтті. Сусано 1897 жылы 11 қыркүйекте дүниеге келді.

Еске салайық, қазанда жер бетінің ең қарт тұрғыны Натабай Тинсиеу Эритреядағы Азефа атты шалғай ауылда 127 жасында қайтыс болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін