Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Алматы ТЖМ өкілдері ұсынған жер сілкінісі кезінде алу керек ең қажетті заттар тізімі:
қолма-қол ақша;
құжаттар (олардың көшірмелері);
бастапқы көмек дәрі қобдишасы;
қыста бір адамға 3-4 литр және жазда 5-6 литр мөлшерінде су;
консервіленген және жоғары калориялы тағамдар;
Гигиена құралдары;
қосалқы киім мен аяқ киім;
көрпелер;
арнайы керек-жарақтар (компас, шам, радио және т.б.).
Керек-жарақ салынған сөмке тым ауыр әрі үлкен болмауы шарт. Дабыл жолдорбасы отбасы мүшелерінің әрқайсысында болуы керек.
Бастапқы көмек дәрі қобдишасына қандай дәрі-дәрмек салу керек?
Спирт;
антибиотиктер;
жараланған жағдайды киімді қырқуға қайшы;
дәке майлықтары;
жапсырма;
медициналық қолғап;
отбасы мүшесінің созылмалы ауруына байланысты жеке дәрі-дәрмек;
жаратаңғыш;
шприц;
ауырсынуды басатын дәрілер.
Айта кетейік, бұған дейін жер сілкінісі кезінде не істеу керегі хабарланған болатын.
Жер сілкінісі кезіндегі іс-қимыл тәртібі:
— ғимараттан шығыңыз (сізде 15-20 секунд уақыт болады);
— егер сіз жоғарғы қабаттарда болсаңыз, кіреберіс есіктің саңылауында тұрыңыз немесе балаларды өзіңізге құшақтап, негізгі қабырғалардың бұрышына отырыңыз;
— ешбір жағдайда терезенің жанында тұрмаңыз және балкондардан секірмеңіз.
— ғимараттардан, құрылыстардан, бағаналардан және қоршаулардан алыс болыңыз;
— үйлерге кірмеңіз: жер сілкінісі қайталануы мүмкін;
— лифттерді пайдаланбаңыз;
— сіріңке, шам жақпаңыз:
— сымдарды ұстамаңыз;
— зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз.