Жер сілкінісінен көз жұмған түркиялық қыздың хаты жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жер сілкінісінен көз жұмған түркиялық қыздың хаты жарияланды

Жер сілкінісінен көз жұмған түркиялық қыздың хаты жарияланды

Жас қыз бұл жазбаны 2020 жылдың 30 қазанында Измирде болған 6,9 балдық жер сілкінісінен кейін бөліскен.

  • 16 Ақпан 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz

Шейма сол кездің өзінде өзі тұрып жатқан аймақтың тұрғындары үшін қорқа бастаған. Оны мына жазбасынан байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жер сілкінісі жиі болатын елде және апат қаупі жоғары қалалардың бірі Қахраманмараштың тұрғыны ретінде мынаны айтқым келеді. Егер күндердің бір күні бұл аймақ та Измир мен Елазығ қалаларының тағдырын бастан өткерсе, қаза болғандарды «олар періштеге айналды» деп жарамыздың бетін жабуға тырыспаңыз. Керісінше біздің құқығымызды іздеңіз», – деген.

Шейма Гөккая Стамбул Мәдениет университетінің стоматология факультетінде білім алып жатқан. Қысқы демалысқа шыққан соң бірден туған қаласына барады. Бұл оның соңғы сапары еді. Өкініштісі сол Қахраманмараштағы жер сілкінісі Шейманың да  өмірін жалмады.


Соңғы жаңалықтар