Жерді саудаға салған шенеуніктер жаппай тұтқындалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жерді   саудаға салған шенеуніктер жаппай  тұтқындалып жатыр

Жерді саудаға салған шенеуніктер жаппай тұтқындалып жатыр

Әр тұтқындаудың соңы  үлкен ереуілге ұласатын Қырғызстанда кезекті лауазымды атқамінерлердің қолына кісен салынды. Бұл жолы Бішкектің мэрі Иса Өмірқұлов пен қала сәулетіне қатысы бар бірнеше шенеунікке қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр.  

  • 4 Желтоқсан 2013
  • 261
Фото - Caravan.kz

Бас прокуратура жоғары лауазымды шенеуніктерді жеңіс саябағының аумағын 14 гектарға қысқартып парктің ішінде заңсыз  құрылыс жүргізуге жол  берді деп айыптауда. Мэрден басқасының барлығы темір торға тоғытылған. Иса Өмірқұловтың өзін тергеу кезінде қызметінен шеттету мәселесі әлі шешілмепті. Ал ел президенті Алмазбек Атамбаев бүгін тіпті қатты кетті. Ол жемқорлықпен күресте ешкімнің бет-жүзіне қарамаймын деп отыр. Тіпті барлық туысы мен достары теріс айналып кетсе де. Президенттің осы сөзі келеңсіз жәйттің көрігін қыздырып жібергендей. Өйткені Атамбаев пен Өмірқұлов 20 жылдан бері бір партияда қызметтес болып ең жақын үзеңгілестердің  санатында болған еді.


Алмазбек Атамбаев, Қырғызстан президенті:

—  Біз бұл індетпен аяусыз күресеміз. Өйткені жемқорлық елімізді жікке бөліп ірітіп-шірітіп барады. 4 жылдай уақытым қалды. Бұл қоғамдық кеселмен күресуге толық жетеді. Қазірдің өзінде ұрлық жасаудан жұрт қорқа бастады, алда уақытта қолын тіпті тартып ұстайтындай болады.