Қиындықтарға қарамастан Рақымбаев өз көрсеткішін жақсарта алды. Олар 3 сағат 28 минут 12 секундта жарысты аяқтаған. Былтырғы жеңімпаз испаниялық Карлос Сайнс пен аргентиналық Орландо Терранова асығыстық танытып, көліктері сыр берген. Мәреге келгендер қатарында олар әлі де жоқ.
Бұл кезеңде қатысушылар Анд тауындағы шатқалдардан өтіп, 594 шақырымды артта қалдырған. Теңіз деңгейінен 4700 метрге дейін көтерілгендіктен бірқатар жүргізушілер өздерін жайсыз сезініпті. Бірақ тынығуға уақыт жоқ болғандықтан олар Атакама шөліне қарай бет алды. Айта кетсек, жарыс жолында жүрген қазақстандық тағы басқа командалар — Бауыржан Исабаев 19 орынға көтерілсе, команда жетекшісі Артур Ардавичустың жүк көлігі де өз санатында 19-шы сатыға тұрақтаған.
Айдын Рақымбаев, «Astanamotorsport» командасының пилоты:
— Асулардан бірден өту үшін көліктің қуаты жетпеді. Сондықтан бірнеше рет қайталауға тура келді. Сол кезде дөңгелектің дискісін зақымдап алдық. Оны ауыстыру үшін үш минут кетті. Осыны пайдаланған 3 қарсылас бізді артта қалдырды. Енлі алдағы кезеңдерде барымызды саламыз.