Жарияланды: 14600

Жесір әйелге бару сауап па? Имам сауалға жауап берді

Жесір әйелге бару сауап па? Имам сауалға жауап берді

Имам өзіне ер-азаматтар тарапынан жиі қойылатын сауал туралы сөз қозғады. 

Сұңқар Мұхамедов желідегі оқырмандарына "Жесір әйелдерге бару сауап па?" деген сауалдың жауабымен бөлісті, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы.

"Осы сұрақты көп жерлерде ер азаматтар маған қойып жатады. Жесір әйелге бару - күнә. Күнә болғанда да ауыр күнә. Егер шынымен де сіз сауап алғыңыз келсе, сол жесір әйелдерге ай сайын азық-түлігін алып беріп тұрыңыз. Киімін алып беріп тұрыңыз. Ақшаңыз артылып бара жатса жесір әйелдерге баспана алып беріңіз. Міне сізге сауап. Ал, "Жесір әйелдерге бару сауап па?" деп өз нәпсіңізді ақтамаңыз", - деген ол. 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін