Жеті жастағы қызды зорлаған жасөспірімдер ісі сотқа жолданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті жастағы қызды зорлаған жасөспірімдер ісі сотқа жолданды

Жеті жастағы қызды зорлаған жасөспірімдер ісі сотқа жолданды

Тәжікстанның Гиссар ауданының прокуратуарсы екі жасөспірімнің жеті жастағы қызды зорлау ісіне қатысты тергеуді аяқтады. Іс Душанбе қаласындағы сотта қаралады.

  • 10 Қыркүйек 2018
  • 121
Фото - Caravan.kz

14 жастағы С.Р. мен 15 жастағы Т.Р. Кончи ауылындағы көршінің қызын зорлады деп айыпталды. Олар он бес жылдан жиырма жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп жазды centralasian.org

Қазір олар шілде айынан бері тергеу абақтысында отыр. Қыздың Жәбірленушінің туыстары 14 жастағы баланың қызды алдап шақырып алып, зорлық көрсеткенін айтып отыр. "Одан соң ол қыздың тамағына пышақ тақап, біреуге айтып қойса өлтірем деп қорқытқан. Сол себепті біздің қыз алғашқы күндері ештеңе айтпаған" — деді туыстары.

Келесі күні қыз іші қатты ауыратынын айтқан. Туыстарының сұрауынан соң қыз көрші бала шабуылдағанын мойындаған. Медициналық сараптама қыздың зорланғанын растады.


Тәжікстанда қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады, бірақ кісі өлтіру, зорлау және ұрлық қылмыстыры үшін 14 жастан жаза шығарылады.

Соңғы жаңалықтар