Жеті жылдан кейін Марста өсімдік отырғызыла бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеті жылдан кейін Марста өсімдік отырғызыла бастайды

Жеті жылдан кейін Марста өсімдік отырғызыла бастайды

NASA басшылығы Қызыл Планетаның бетінде жылыжайларды құрып, онда өсімдіктерді өсіру экспериментін жоспарға енгізді. Бұл зерттеу жұмыстарын 2020 жылдың орта кезінде жүзеге асыру жоспарланып отыр.

  • 9 Мамыр 2014
  • 372
Фото - Caravan.kz

Бұл эксперимент ғылыми тұрғыда және Марсқа жасалатын болашақ миссиялар үшін маңызды болмақ. Ғалымдардың пайымынша, өсімдіктер Марста адамдары оттегімен және азық-түлікпен қамтамасыз етер еді.

Осы орайда алдағы уақытта Қызыл Планетаға ұшырылатын аппараттар онда өсімдік отырғызу жұмыстарына кіріспек. Атап айтқанда, Марс топырағына түрлі өсімдіктердің тұқымдарын отырғызу көзделуде.

Аталған эксперимент үшін  планетаға іріктелініп алынған 200 сапалы тұқым жіберіледі. Зерттеу шаралары онда 10-15 күн аралығында жүргізіледі, деп жазады Росбалт.