Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, «Балаларға күлкі сыйла» қайырымдылық акциясына елордалық «Ауылдағы үй» жетімдер үйінің 25 тәрбиеленушісі және мұқтаж отбасылардың 25 бүлдіршіні қатысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы.
Таңертеңнен түске дейін балалар қаланы аралап, Астананың ең көрікті жерлерін қызықтады.
Акция бағдарламасында қарастырылғандай, бүлдіршіндер қаланың «Бәйтерек» монументін, Бейбітшілік және келісім сарайын аралап, Есіл өзенінің жағасы бойынша жүріп қайтты. Балғындар балмұздақ жеп, орталық саябақта ойнап, әткеншек тепті.
Атап өтейік, акцияның өтуіне елорданың Астаналық саябағы, «33 пингвин», VIPcars.kz, 7 zvezd, Wedcar.kz және «Астана ЛРТ» компаниялары, коммуналды жеке меншік қоры қолдау білдірді.