Бұл жолы мультфильм көрермені өзгеше. Әдеттегідей рухани демалудың жолын іздегендер емес. Жастайынан аяулы ана алақанынан, әке мейірімінен айырылған жүзден аса жетім. Бүгін осыны ескерген «Сони» мен «Дисней» студияларының еліміздегі ресми дистрьбютері – «Меломан» компаниясы тегін қайырылымдылық көрсетілімін ұйымдастырыпты. Сондай-ақ, сәбилердің мультфильмнен алған әсерін тосын сыйлармен толықтырды. Ал балалардың жаңа жыл алдындағы осындай ерекше ықыласқа бөленген қуанышынтарында шек жоқ.
Темірлан Шаймұхан, Балалар үйінің тәрбиеленушісі:
— Махаббат дейді ғой. Соны үйрендім. Бір-біріне деген сүйіспеншілік, басқада айналадағы адамдарға, заттарға деген сүйіспеншілік. Соларды жақсы көре білу.