"Жетісу" ӘКК Қазақстанда Airbus және Boeing ұшақтары үшін пилоттар дайындайтын оқыту орталығын құру жөніндегі ұсынысты қарастыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жетісу" ӘКК Қазақстанда Airbus және Boeing ұшақтары үшін пилоттар дайындайтын оқыту орталығын құру жөніндегі ұсынысты қарастыруда

"Жетісу" ӘКК Қазақстанда Airbus және Boeing ұшақтары үшін пилоттар дайындайтын оқыту орталығын құру жөніндегі ұсынысты қарастыруда

Астана. 12 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Жетісу" ӘКК Қазақстанның оңтүстігінде Airbus және Boeing ұшақтары үшін пилоттар дайындайтын оқыту орталығын құру жөніндегі ұсынысты қарастыруда. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысы барысында ӘКК жетекшісі Серік Сұлтанғалиев құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 13 Ақпан 2008
  • 498
Фото - Caravan.kz

«»Жетісу» әуекомпаниясының акцияларының мемлекеттік қоржыны ӘКК-ына берілуге байланысты біз бірнеше компанияның ұсынысын қарап жатырмыз, бірақ ең қызғылықтысы Airbus және Boeing ұшақтары үшін пилоттар дайындайтын оқыту орталығын құру жөніндегі ұсыныс», — деді ол.

«Жобаның құны $35 млн, жылына 200 пилотты оқыту көзделген, кәсіпорынның жылдық айналымы $88 млн дейін жетуі мүмкін», — деді ол.

«Жобаны жүзеге асырудың бір шарты — үкіметтің кепілдігі, бұл күрделі процедура болғанымен, қызғылықты жоба, әрі ол ТМД аумағындағы осындай бірінші жоба болмақ», — деді С.Сұлтанғалиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті