Жарияланды: 610

"Жетісу Энерготрэйд" Талдықорғанда электр қуатының бағасы көтерілетіні туралы мәлімдеме жасады

Алматы. 15 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - "Жетісу Энерготрэйд" ЖШС Талдықорғанда электр қуатының бағасы көтерілетіні туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ресми БАҚ-на сілтеме жасай отырып.

Талдықорғандағы және Талдықорған өңіріндегі электр қуатының бағасы ендігәрі кВт-сағатқа бұрынғы 8 теңге 14 тиынның орнына 10 теңге 85 тиынды құрайтын болады. Бұл баға заңды және жеке тұлғаларға қатысты. Қос тарифтік төлем жүйесінде жеке тұлғалар кВт-сағатқа күндізгі уақытта 14 теңге 93 тиын (бұрын 14 теңге 48 тиын), түнгі уақытта 4 теңге 7 тиын (бұрын 3 теңге 50 тиын) төлейтін болады. Заңды тұлғалар үшін кешкі қарбаластағы (19.00 - 23.00) баға бұрын 16 теңге 61 тиын болса, бұдан былай 21 теңге 1 тиынға, ал күндізгі уақытта бұрын 11,98 теңге тұрса, түнгі уақытта кВт-сағатына 4,07 теңге тұрады. Жаңа баға 12 тамыздан бастап есептеледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін