Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды

Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды

Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

  • 2 Қазан 2023
  • 14
Фото - Caravan.kz

Жетісу облысында соңғы екі тәулікте жол апатынан бес адам қайтыс болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 

Соңғы екі тәулікте Жетісу облысының автожолдарында ауыр зардаптарға әкеп соққан 5 жол апаты болды. Үш жол апатында 5 адам қаза тауып, екі жол апатында 2 бала зардап шекті.

1 қазан күні Панфилов ауданында Алмалы ауылының 43 және 41 жастағы екі тұрғын мопедмен электр бағанасына соқтығысып, қайтыс болды.

Сондай-ақ 2 қазанға қараған түні Талдықорған маңында 36 және 32 жастағы екі ер адам Toyota Сamry көлігімен жол жиегіндегі ағашқа соғылып, қаза тапты. Дәл осындай жол-көлік оқиғасы Fiat Croma көлігінің қатысуымен Көксу ауданында болды, Балпық би — Қаратал тас жолының 2-шақырымында жол-көлік оқиғасы салдарынан 49 жастағы әйел қаза тапты.

Ақсу және Көксу аудандарында кәмелетке толмағандар зардап шеккен тағы екі жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 9 және 16 жастағы мектеп оқушыларын көлік қағып кеткен. Екі жасөспірім де жарақатпен ауруханаға жеткізілді.


Әрбір факті бойынша қылмыстық тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тиісті материалдарды жинай отырып, әр жол-көлік оқиғасы мұқият зерттеледі. Ролицейлер болған оқиғаны қатаң талдап, барлық жағдайлар мен себептер анықталады.

Соңғы жаңалықтар