Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты  - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты 

Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты 

Алакөл ауданында Алматы-Өскемен тасжолының 568 шақырымында адам өліміне әкелген жол көлік апаты орын алды. Жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ІІМ ресми Telegram-каналына сілтеме жасаған Caravan.kz.

  • 28 Қаңтар 2024
  • 16
Фото - Caravan.kz

Алдын ала болжам бойынша, Toyota Carina E көлік жүргізушісі жолдың қарама-қарсы жолағына шығып кетіп, Mercedes Benz көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші, сонымен бірге Toyota Carina E жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған. Аталған факті бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Құрметті жүргізушілер, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз. Жол қауіпсіздігі талаптарын бұзбаңыздар және ең алдымен жылдамдықты асырмаңыздар. Автокөлікті басқару кезінде жауапсыздық пен немқұрайлылық, әдетте, қайғылы салдарға, көбінесе адамдардың өліміне әкелетінін ұмытпаңыз", — деді ІІМ өкілдері.