Жетісу облысының 8 мектебінен қызылша ошағы анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісу облысының 8 мектебінен қызылша ошағы анықталды

Жетісу облысының 8 мектебінен қызылша ошағы анықталды

 

  • 13 Қараша 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Жетісу облысында қызылшамен ауырғандар саны азаймай отыр. Жұқпалы дерт балалар арасында өршіп тұр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Kazinform-ға сілтеме жасап. 

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәліметінше, өңірде қызылшамен ауырған науқастың саны 345 адамға жеткен.

Оның ішінде 15 мектеп оқушысы бар.

Аймақтағы 8 мектептен және тағы 8 мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымынан жұқпалы дерттің ошағы анықталған

— Сырқаттанудың жоғары деңгейі Талдықорған қаласында, Алакөл, Панфилов аудандарында байқалады. Қазір жұқпалы ауру 8 мектепте тіркеліп, 15 оқушы ауырып жатыр. Сондай-ақ 8 мектепке дейінгі тәрбие ұйымындағы 10 баладан қызылша белгісі табылды. Өңірде қызылшаға қарсы жаппай қосымша иммундау жүріп жатыр, — дейді Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасова.

Соңғы жаңалықтар