Жетісу жұрты Қанат Исламға ат мінгізіп, шапан жапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жетісу жұрты Қанат Исламға ат мінгізіп, шапан жапты

Жетісу жұрты Қанат Исламға ат мінгізіп, шапан жапты

Кәсіпқой бокстан WBA Fedelatin, WBO Inter-Continental, UBC тұжырымдарының чемпионы Қанат Ислам бүгін Жетісу жеріне келді.

  • 7 Наурыз 2017
  • 303
Фото - Caravan.kz

Талдықорған қаласына арнайы келген кәсіпқой боксшы Қанат Исламды көруге жанкүйерлер жер-жерден ағылды. Жергілікті жұртпен кездесу өткізген батырды қолдап-қолпаштаған жұрттың санында есеп жоқ. Жанкүйерлермен кездесу кезінде ақсақалдар оған батасын беріп, Жетісу халқы ат мінгізіп, шапан жапты.

«Осылай құрметтеп жатқандарыңызға, ыстық ықыластарыңызға алғыс білдіремін. Пенде болғаннан кейін әлсіз жерлерім де бар. Бірақ алдағы уақытта еліміздің көк туын желбірете беру үшін барымды саламын», – деді 32 жастағы боксшы.


Айта кетейік, Қанат Ислам кәсіпқой рингте 23 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен еді. Соңғы рет 18 ақпанда бразилиялық Робсон Ассиспен жекпе-жекке шығып, бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын.