Балам айтады, мына жақта біреулер ыңқылдайды, жылайды, шулайды деп. Әубәкіровтар отбасы түнді түршіге күтеді. Себебі қас қарая мына қабырғаның ар жағынан небір ентіккен дыбыстарды естіп, естері шығады. Екі ай бұрын іргелес пәтердің біріне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Кейін оған күні-түні кіріп шығатын жігіттердің қарасы көбейіпті. Ал тәнін саудалаған бикештерге пәтерін жалға берген қожайын «салық төлеп отырмын», «ісім заңды» деп бет бақтырмай отыр. Айқай шудан шаршаған көршілер кімге барып шағынарын да білмейді.Себебі ұяттан жұрдай қыздар тұрғындар түгілі полицияның ескертуіне де, құлақ аспайды екен.
Рашида Әубәкірова, Өскемен қаласының тұрғыны:
—Түнде ұйықтай алмаймыз. Мейрамдарда тіпті күшейеді келушілер. Жиі-жиі ауысып тұрады. Тыныштық жоқ.