Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ

Жезқазған маңына құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ

Жезқазған түбіне құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан

  • 15 Маусым 2017
  • 324
Фото - Caravan.kz

Жезқазған түбіне құлаған зымыран қирандысында қатерлі гептил жоқ, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

14 маусымда кешкі уақытта қолданушылар WhatsApp мессенджері арқылы Жезқазған маңындағы Талап ауылына зымыран құлағаны туралы хабар тарай бастады. Хабарламада қирандыда гептил (адам өміріне өте қауіпті химиялық улы зат) бар делінді. Ауыл тұрғындарына есік пен терезелерді жабу керектігі және балаларды көшеге шығармау туралы ескерту жасалды. 

Иманқұловтың айтуынша, 14 маусымда кешкі уақытта расында да Жезқазған маңына зымыран қирандысы құлаған. 


"Далада өрт болғаны туралы дерек расталды, өрт зымыранның өңделген қалдығының құлауы кезінде шыққан. Алайда қирандыда гептил жоқ — бұл нақты мәлімет. Қазіргі уақытта өртті сөндіру бойынша және оның елді мекенге жақындатпау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", — деп хабарлады ол. 

Толығырық мәліметті ресми өкіл кейінірек тарататынын хабарлады.
 

Соңғы жаңалықтар