Жезқазғанда полицейлер қызметтік қаруды ұрлаған - kaz.caravan.kz
  • $ 489.39
  • 567.5
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда полицейлер қызметтік қаруды ұрлаған

Жезқазғанда полицейлер қызметтік қаруды ұрлаған

Жезқазғанда полиция қызметкерлерінің Ішкі істер басқармасынан қару ұрлағаны әшкере болды. Олар күзет қызметінің полицияға көзін жоюға өткізген қару-жарақтың ішінен 4 тапаншаны қолды қылған.

  • 31 Қазан 2014
  • 227
Фото - Caravan.kz

Бұл басқармадағы қоймаға жүргізілген тексеріс барысында анықталды. Тергеу жүргізген кезде жергілікті полицияның қару алып жүруге рұқсат беретін және тылдық қамтамасыз ету бөлімдерінің екі инспекторы күдікті ретінде ұсталған. Сөйтсе, олар “Қазақмыс» корпорациясының қауіпсіздік департаменті жою үшін тапсырған 113 қарудың ішінен калибрі 9 милиметрлік 4 «Макаров» тапаншасын жымқырып алыпты.


Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз хатшысы
:

-Ұрланған қару-жарақ тәркіленді. Бүгінгі таңда полиция қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды