Жезқазғанда ұры мыс кабельді ұрлап, көпқабатты үйді электр қуатынсыз қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда ұры мыс кабельді ұрлап, көпқабатты үйді электр қуатынсыз қалдырды

Жезқазғанда ұры мыс кабельді ұрлап, көпқабатты үйді электр қуатынсыз қалдырды

Жезқазғанда ұры мыс кабельді ұрлап, көпқабатты үйді электр қуатынсыз қалдырды

  • 10 Қараша 2021
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

7 қарашада Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на көпқабатты үйлердің бірінің аумағынан белгісіз біреу трансформатордан 100 метр мыс кабельді ұрлап кеткені туралы хабарлама түскен. Келтірілген шығын көлемі 413 мың теңгені құрады. Белгісіз біреудің іс-әрекетінің салдарынан үйлерде жарық болмады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полиция қызметкерлері күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады. Айғақты зат тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.