Жезқазғанда жергілікті тұрғынның пәтерінен үлкен көлемде есірткілік зат табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жезқазғанда жергілікті тұрғынның пәтерінен үлкен көлемде есірткілік  зат табылды

Жезқазғанда жергілікті тұрғынның пәтерінен үлкен көлемде есірткілік зат табылды

ҚАРАҒАНДЫ. 4 сәуір . Kazakhstan Today. Жезқазғанда жергілікті тұрғынның пәтерінен шамамен 18 килограмм марихуана табылды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2007
  • 432
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлерінің ақпаратына қарағанда, жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Жезқазған тұрғынының пәтерінен есірткі салынған алты қапшық табылған. «Сараптама қорытындысына сәйкес, полиэтилен қапшықтарда жалпы салмағы 18 кг 556 гр марихуана мен 200 гр гашиш болған»,-дейді баспасөз қызметінің өкілдері.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 259 бабының 4 тармағы (есірткі заттарын дайындау, алу, сақтау немесе үлкен көлемде сату ) бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Ұсталған азамат уақытша тергеу изоляторына тоғытылды , тергеу жүргізілуде», дейді баспасөз қызметіндегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті