Жарияланды: 610

Жезқазғандық «Молодежная газета» жабылуы мүмкін

Жезқазғандық «Молодежная газета» («Жастар газеті») жабылуы мүмкін, дейді оның бас редакторы Берік Жағыпаров.

Оның айтуынша, облыстық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімі басылымды сотқа бермекші. Себебі «Молодежная газета» тіркелген кезде мәлім еткен тақырып ауқымын ұстанбай отыр. «Облыстық әкімшіліктің ішкі саясат бөлімінен бізге қатаң ескерту келді. Онда біз газет мақсатында көрсетілген салауатты өмір салтын насихаттау туралы ғана жазбайтындығымыз көрсетілген. Бізді таң қалдырғаны олардың бізді сотқа беруі мүмкіндігі», - деді Б. Жағыпаров сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында. Одан басқа, дейді бас редактор, редакция атына және тілшілерге бірнеше рет белгісіз біреулер телефон шалып, қорқытып, газетті жабуымызды талап етті. «Қазіргі уақыта бұл газет «Қазақмыс» корпорациясындағы барлық оқиғалар туралы ашық жазып отырған жалғыз тәуелсіз газет. Ал ол кәспорын қаладағы жалғыз қала құрушы кәсіпорын. Өндірісте бақытсыздық оқиғалары болып тұрады, журналистік зерттеулер жүргізіледі. Ол корпорация басшылығына ұнамаса керек, сондықтан соңғы кездері газетке қысым күшейіп кетті. Газет жабылу алдында тұр деп айтуға болады», - дейді тәуелсіз кәсіпорын өкілі Есенбек Үктешбаев. «Біз жұмысшылар кәсіподағы ретінде оған жол бергіміз келмейді», - деді ол. Басылым жетекшісі көрсеткендей, газет әлеуметтік тақырыптардан бас тартпайды. Оның айтуынша, Жезқазғандағы жастар тіршілігі негізінен «Қазақмыспен» байланысты. Мыс өндірісіндегі жұмы ауыр. Компания бюджеті жыл сайын қысқартылуда. Ол жұмысшылар санының қысқартылуы мен көптерінің жалғыз табыс көзінен айрылуына әкеледі. Жастар мардымсыз жалақыға күн көруге мәжбүр, лажсыздықтан зардап шегіп, соның салдарынан өндірістегі суицидтерге соқтығуы да орын алуда. «Ақыр біз осы сүрлеумен жүреді екенбіз, тоқтамаймыз. Егер газетті жауып тастаса, басқа газет ашуғы тырысамыз. Егер мүмкін болмаса, интернетке кетеміз», - деді Б. Жағыпаров. Оның айтуынша, «Молодежная газета» Қарағанды облысында таралады. Басылым тиражы – 2 мың дана. Газет құрылыс бизнесінен жиналған жеке қаражатқа шығарылып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть