Жігітіме 600 мың кредит алып беріп едім, ол ақшаны алған бойда жоқ болып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жігітіме 600 мың кредит алып беріп едім, ол ақшаны алған бойда жоқ болып кетті

Жігітіме 600 мың кредит алып беріп едім, ол ақшаны алған бойда жоқ болып кетті

Өзімнің басымнан өтіп жатқан оқиға жайлы жазсам деп едім. Мүмкін біреулерге сабақ болар. Жасым 24-те. осыдан 1,5 жыл бұрын бір жігітті кезіктірдім. екеуміз қыз-жігіт болып жүре бастадық. Осы жылдың қысында үйленуге ұсыныс жасады. Мен келістім. Тойға іштей дайындалып жүрдім.

  • 21 Желтоқсан 2018
  • 1049
Фото - Caravan.kz


Ол жігіт машина сатумен айналысатын. Содан бір күні ақша керек деген өтінішпен келіпті. Сондай кезде көзім байланып қалды ма әлде басым істемей қалды ма барып банктен 600 мың кредит алып бердім. Қайтарымы тез болады дегеннен соң 6-ақ айға алған болатынмын. Ол жігіт сол ақшаны алған күйі ұшты-күйлі жоғалды да кетті. Ақымақ басыммен мен қалдым. ол кредитті 2-ақ ай төлей алдым. енді төлеуге ақшам  да жоқ. Қазір басым қатып жүр. Ағасы мен қарындасы екеуімен сөйлессем, оңбаған адамдар екен. Ақша алып берген өзің, енді өзің төле дейді. Өмірімде осындай қателікке бой алдырамын деп ойламаппын. қайтып айналып келсе ғой сол уақыт. Қыздар, менің жіберген қателігімді қайталамаңыздар. Маңдайма тигеннен кейін айтып отырмын. Білем, өзіңе де сол керек дейтін шығарсыздар, бірақ осы жасаған қателігімді басқа ешкімге айта алмаймын.

Аноним