Бейнежазбадан экранда жүріп жатқан нақты қандай мультфильм екенін аңғару қиын. Бірақ, акт залға түгелдей бір рота жиналып алған. Ондағы адамдардың барлығы сарбаздар екенін де аңғару қиын емес.
Бейнежазбаға пікір қалдырушылар, сарбаздардың бұл ісіне күлкілері келгенін жарыса жазыпты. Видеоны жариялаушылар мұның қай әскери бөлімде болғанын жазбапты. Көбісі, әскер қатарында мұндай дүниелердің көрсетілуі заңды, бірақ көбінесе жауынгерлерге фильмдер ұсынылатын еді деп жазыпты. Ал бірі “Сарбаздар да балалар ғой” деп күлкіге айналдырған.