Жоғалған "Экспресс-АМ4Р" ғарыштық аппаратының құны 1 млрд рубльден асады - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғалған "Экспресс-АМ4Р" ғарыштық аппаратының құны 1 млрд рубльден асады

Жоғалған "Экспресс-АМ4Р" ғарыштық аппаратының құны 1 млрд рубльден асады

Жұмаға қараған түні Байқоңырдан ұшырылған ғарыштық "Экспресс-АМ4Р" аппараты байланыс серіктерінің күшті класына жатады,

  • 16 Мамыр 2014
  • 592
Фото - Caravan.kz

оның құны1 млрд рубльден асады, деп хабарлады "Интерфакске" ғарыштық саладағы дереккөз.

"Ресми емес ақпаратқа қарағанда,телекоммуникациялық "Экспресс-АМ4Р" серігінің құны шамамен 200 млн еуродан асады, яғни шамамен 1 млрд рубль. Аппарат "Космическая связь"мемлекеттік кәсіпорынның тапсырысы бойынша әзірленген. Ол сақтандырылуға тиіс", деді ол.

Алдында хабарланғандай, Байқоңырдан жұмаға қараған түні ұшырылған "Экспресс-АМ4Р"байланыс аппараты Алтай не Амур облысының аумағына құлауы ықтимал, деді ол.

"Алдын-ала ақпаратқа қарағанда, айдаушы блогы бар ғарыштық аппарат зымыранның үшінші сатысынан ажырап үлгермеген. Оның құлаған орны Алтай немесе Тынық мұхиттың ресейлік жағалауы болу керек", деді дереккөз.

"Экспресс-АМ4Р"серігін жасау келісімшартына 2011 жылы желтоқсанда қол қойылған. "Экспресс-АМ4Р"-ні еуропалық EADS Astrium компаниясы шығарған, тапсырыс беруші"Космическая связь".


Ғарыштық аппараттың салмағы шамамен 5755 кило, Eurostar Е3000 платформасының базасында құрылған, 63 транспондері С-, Кu-, Ка-, L-диапазондары және 10 антеннасы бар, олар бүкіл Ресей мен ТМД елдерін байланыспен тұрақты қамтуға арналған болатын.