Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне жеңілдетілген жолақы енгізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне жеңілдетілген жолақы енгізілді

Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне жеңілдетілген жолақы енгізілді

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне жеңілдетілген жолақы енгізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 3 Шiлде 2008
  • 522
Фото - Caravan.kz

«Алматы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі 50 теңге көлеміндегі 2008 жылдың 10 маусымында енгізілген қалалық қоғамдық көліктердегі (таксиден басқа) жолаушылар тасымалы тарифіне жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне жеңілдік беру бойынша өзгеріс енгізілді.

«Үнемі қатынайтын барлық қалалық маршруттарда (таксиден басқа) жеңілдікке құқық беретін тиісті құжаты болған жағдайда оқу түріне (сырттай, іштей) қарамастан жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының студенттеріне жолақы тарифі құнының 50 пайызы мөлшерінде жеңілдетілген жолақы енгізілді», — деп көрсетілген әкімдік хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті